"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ жаңа басшысы тағайындалды

Сурет: gov.kz
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ұжымға "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ бас директоры болып тағайындалған Арғынғазинов Айбол Арғынғазыұлын таныстырды.

Арғынғазинов Айбол Арғынғазыұлы Жетісу облысында дүниеге келген. Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика факультетін, "Жоғарғы экономика мектебі" Ұлттық зерттеу университетінің (Мәскеу қ.) экономика ғылымдары факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын ҚР Ұлттық экономика министрлігінде сарапшы болып бастаған, әр жылдары "Қазконтент" АҚ бөлім басшысы, "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ Талдау және әлемдік экономика орталығының директоры, ҚР Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы Хатшылығының сектор меңгерушісі болған.

2022 жылдан ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры болып еңбек етті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды