Жетісу облысында 200-ден астам адам құтқарылды

Сурет: Zakon.kz
Жетісу облысындағы Алакөл учаскесінде қыс басталғалы 30-дан астам дауылды ескерту жарияланып, Үшарал-Достық жолы бірнеше рет жабылды.

200-ден астам адам құтқарылды. Олардың 60-қа жуығы шетел азаматы. Бұл бағыттағы жол әлі де жабық. Себебі өңірде -35 градус аяз.

Ырғайты аумағында желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді. Сондықтан осы жердің бәрін қар басып қала береді. Қазір осы жерде тазарту жұмыстары жүріп жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал тәртіп сақшылары осы қауіпті учаскеге көліктердің өтіп кетпеуі үшін жолды күні-түні күзетуде. Бұл жолы да қаз-қатар тізілген жүк көліктері көп. Басым бөлігі Ресей мен Беларусь елінен келген. Жел басылып, жол ашылғанша осында апталап тұрып қалады.

"Қазақ бауырлардың көмегі көп тиеді. Жанармай қатып, көлік бұзылып жолда қалсақ болды, аянбайды." Виталий Ковалев, көлік жүргізуші

Табиғат тосын мінезін көрсеткенде Үшарал-Достық жолында басты салмақ алакөлдік құтқарушылардың иығына жүктеледі. Тәуліктің кез келген уақытында, қандай ауа райы болса да шақыртуға шығады. Биылғы қыста да 200-ден астам адамды құтқарды. Алайда ескертулерге қарамастан азаматтар жолға шығып кетуін азайтар емес.

"Алдын ала жұмыстар атқарамыз. Бірақ халық тығыз жұмыстары бар. Сол тығыз жұмыстарына шығамыз деп, осы жолға тұрып қалып, қарлы боранда тұрып қалатын себептер болады." Данияр Тілеуханов, облыстық азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы

Түсірілім кезінде сол аймақта тағы бір азамат қар құрсауынан құтқарылды. Бірақ көлік жүргізушісі сұхбат берместен сапарын жалғастыруға асықты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды