Ақтаулық хакер мемлекеттік ақпараттық жүйелерді бұзды

Сурет: Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі
Ақтауда хакер үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы мемлекеттік ақпараттық жүйелерге заңсыз қол жеткізген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК баспасөз қызметі берген ақпаратқа сай, қазір қылмыстық кодекстің 147-бабы 3, 4-бөліктері, 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықты жасауда кінәлі деп танылған Қазақстан азаматына қатысты Ақтау қаласы сотының үкімі заңды күшіне енді.

"Ол 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді." ҰҚК баспасөз қызметі

Сотталған елдің ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының маңызды нысандары болып табылатын мемлекеттік ақпарат жүйелеріне заңсыз қол жеткізуді жүзеге асырғаны тергеумен анықталды.

Фигуранттың ақшалай сыйақыға одан әрі үшінші адамдарға беру үшін ҚР азаматтарының жеке деректерін заңсыз алу фактісі толық дәлелденді.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы