Қылмыстық баптардың санкциясы осылай беріледі.
"Азаптау" немесе "қорғаншы мен қамқоршының құқықтарын теріс пайдалану" баптары бойынша – екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Аяқталған қылмыстық іс бойынша қорғаншылық органдарына қатысты тергеуші бұл органдарға олардың құқықтарын сақтамағаны туралы мәлімдеме жасайды". Игорь Лепеха
Бұған дейін Балалар омбудсмені Динара Зәкиева ақпан айының басында облыстық прокуратура мен қорғаншылықтың мобильді топтарын тексеру нәтижесінде бір отбасынан үш бала - бір қыз бен екі ұл анықталғаны туралы айтқан. Оларды патронаттық отбасы балалар үйінен 2018 жылы алып кеткен. Сол кезде балалар 14, 12, 8 жаста болған.
Үлкендерін қаладан 20 шақырым жердегі шаруашылықта ұстап, мал бағуға мәжбүрлеген. Омбудсменнің айтуынша, фермаға көлікпен келген комиссия мүшелері балалардың тұрмыс жағдайынан шошып кеткен. Себебі балалардың үсті басы көгерген, тыртық, арық, өздері шаршаған, аш, кір болған. Үстілерінде ескі шүберектер мен кір киім болған. Кейіннен асырап алған ана қамауға алынды.