Өзбекстанда кәсіпорында апат болып, 3 адам көз жұмды

Сурет: pixabay
Өзбекстандағы ірі кен орнында апат болып, 3 адам көз жұмды. Тағы 29 жұмысшы зардап шеккен.

Бұл туралы елдің төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Оқыс жағдай таңғы сағат 08:00 шамасында тіркелді. Алмалықтағы тау-кен металлургия комбинатының мыс өңдеу зауытында темір конструкциялар қираған, деп жазады qazaqstan.tv.

Алдын ала болжамға сай зауыттың шатыры қалың қарды көтере алмай опырылып түскен. Сол сәтте нысанның ішінде ондаған жұмысшы болған.

Ресми органдардың хабарлауынша қаза тапқандар шетел азаматтары.

"Апат салдарынан Үндістан елінен келген үш жұмысшы қаза тапты. 29 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Тағы 4 азаматқа тиісті медициналық көмек көрсетілді. Оқыс оқиғаның себебін анықтап, салдарын жою үшін жедел жұмыс тобы құрылды. Зардап шеккендерге көмек көрсету шаралары қарастырылып жатыр". Өзбекстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі
Өзбекстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды