Түбіртектер мен шот-фактураларға талдау жасалады

Сурет: pixabay
ҚР Ұлттық экономика министрлігі азық-түлік сататын үй жанындағы дүкендердің үстемені асыра қосуы деректері бойынша тексеру тетігі қалай іске асырылатынын түсіндірді.
"Бұл тексерулер санына әсер етпейді. Осы ретте үлкен деректерге талдау жасау арқылы, яғни цифрлық жолмен іске асырылады. Атап айтқанда, осыған дейін фискалдық органдар мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жүргізген ауқымды цифрландыру елеулі әсер етеді", - деді Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Жақсылықовтың айтуынша, түбіртектер мен шот-фактураларға талдау жасалады, деп жазады Астана телеарнасы. 

"Олардың негізінде қандай сауда субъектісінің үстемені асыра қосып жатқаны белгілі болады. Тексеруге ешкім келмейді. Мұның бәрі автоматты түрде жиналады, жүйе оны есептеп, анықтайды", - деді вице-министр.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бейнекамералар мен жол қауіпсіздігі: ІІМ ұсынуынан кейін қандай шаралар қабылданды

Самара – Шымкент тас жолында жантүршігерлік жол апаты болып, үш жұмысшы қаза тапты

Тоқаев семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасын әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады