Ақтауда мектепте алған екпеден кейін екі оқушының жағдайы нашарлаған

Сурет: pixabay
Ақтауда мектеп оқушылары А гепатитіне қарсы екпеден кейін өздерін нашар сезінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы балалардың мектепте алған екпеден кейінгі жағдайы нашарлағанын мәлімдеді.

Ақпанның 23-і күні Ақтаудағы мамандандырылған IT лицейінің екі оқушысы А гепатитіне қарсы екпеден кейін өздерін нашар сезініп, жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.

"Облыстық аурухананың реанимация бөлімінде балаларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, тексерістен кейін психоэмоционалды күйзеліс анықталды. Жағдайлары жақсарғаннан кейін ата-аналары балаларды ауруханаға жатқызудан бас тартты. Науқастар амбулаторлық емделуге жіберілді. Балалар жергілікті мекенжайы бойынша тіркелген ауруханалардың бақылауында болады", - деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Балаларға жоспар бойынша екпе егіліп, педиатрдың бақылауында болғаны, қазір олардың жағдайы қанағаттанарлық, екпеге реакция жоқ екені атап өтілді.

Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Нөсер жаңбыр жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 5 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі