Ұлыбританияда жасанды интеллект қауіп төндіріп тұр

Сурет: pixabay
Ұлыбритания билігі жылдың екінші жартысына жоспарланған сайлаудың әділ өтуіне жасанды интеллект кері ықпал етеді деп қауіптенеді.

Бұған дейін де жоғары лауазымды саясаткерлер дипфейктің құрбаны болып үлгергені белгілі.

Өткен жылы Лейбористер партиясының көшбасшысы Кир Стармердің әріптестеріне дауыс көтеріп, бейәдеп сөздер айтып жатқан даусы әлеуметтік желілерде тарады, деп жазады qazaqstan.tv.

Кейін бұл - жасанды интеллектің күшімен жасалған жалған аудиожазба екендігі мәлім болды.

Лондон мэрі Садик Ханның да даусы қасақана таралған жалған ақпарат болып шықты.

Биыл Ұлыбританияда, АҚШ-та, Үндістанда және басқа да елдерде әртүрлі деңгейде өтетін сайлауларда жасанды интеллект кедергі келтіруі мүмкін. Технологиялардың қарқынды дамуы үлкен қауіп төндіріп тұр, - дейді Британ билігі.

"Жасанды интеллект халықты жаңылыстыру әрі адастыру дәуірін бастап кетті. Сондықтан бұл сала қатаң бақылауды қажет етеді. Жоғары технологиялық компанияларды демократия құндылықтарын қорғау үшін бірлесе әрекет етуге шақырамын." Джеймс Клеверли, Ұлыбритания ішкі істер министрі
Ұлыбритания

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі