Қазақстанның 8 өңірінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Сурет: pixabay
Қазақстанның сегіз өңірінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бірінші наурыздан бастап сәуір айына дейін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында бір білікке түсетін салмақ 8 тоннадан аспауы тиіс.

Қыстан кейін тоң жібіп, жер босайды. Сондықтан асфальт жабындысын күтіп ұстап, сапасын сақтау мақсатында жыл сайын көктем мезгілінде ауыр жүк көліктерінің жүктемесі азайтылады, деп жазады qazaqstan.tv.

Салмақтық шектеулер Алматы, Атырау, Жамбыл, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Жетісу және Түркістан облыстарында қатаң қадағаланады.

Алайда, бұл талапқа жатпайтын жағдайлар бар.

"Шаралардың шектеу қолданылмайтын гуманитарлық жүктерді тасымалдайтын. Апатты жағдайлардың алдын алу мақсатындағы автокөліктерге қатысты, тауарлар мен азық-түлік таситын және жол құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан көліктерге қолданылмайды." Ерсайын Мұзафар, "Қазавтожол" ҰК" АҚ Қызылорда облыстық филиалы директорының орынбасары

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандық теннисшілердің Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіндегі қарсыластары анықталды

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды

Дүниежүзі бойынша халық саны көп 10 ел