Астаналық кәсіпкерлер бөлшек салық режимін жылдам енгізуді сұрады

Сурет: pexels
Астаналық кәсіпкерлер бөлшек салық режимін жылдам енгізуді сұрады. Айтуыларынша, бұл жүйе ыңғайлы әрі әр кәсіпкердің табысын ашық көрсетуге мүмкіндік береді.

Бүгін елордада бизнес өкілдері қала әкімінің орынбасарына түйткілді мәселелерін айтты. Қазір еліміздің бірқатар өңірінде кәсіпкерлер табысының 2 пайызын мемлекетке салық ретінде төлеп отыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал Астана Мәслихаты 3 пайызға дейін ғана түсірген. Жиынға қатысқан сала мамандары да, депутаттар да міндетті төлем көлемі азайса, жергілікті бюджеттің кірісі керісінше өседі деп отыр.

"Бюджеттің түсетін мөлшері азайып кетсе әлеуметтік жобалар жұмыс істемей қалуы мүмкін. Сондықтан үрейлері бар. Меніңше азаймайды. Бұл 2 пайыз халықаралық тәжірибе. Біз соған түсуіміз керек. Оған түскен кезде барлығы көлеңкелі экономикадан шығатын болса, сауда орындары, базарлар барлығы шығатын болса онда бюджет одан 2 есе пайда көруі мүмкін." Олжас Құспеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Алматыда полицейлер көлікпен электросамокат мінген жасөспірімдердің ізіне түсті