Қазақстан Ресей, Қытай және Қырғызстанмен шекарадағы өткізу пункттерінің жұмыс кестесін өзгертеді

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 29 ақпанда бақылау-өткізу бекеттерінің жұмыс режимінің өзгеретінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан өтетін адамдарға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында ҰҚК Шекара қызметі келесі автомобильдік өткізу пунктерінің жұмыс регламентіне өзгерістер енгізді:

Ресей Федерациясымен:

"Найза", Павлодар облысы

"Қоянбай", Абай облысы

"Байтанат", Абай облысы

Қытай Халық Республикасымен:

"Нұр Жолы", Алматы облысы

"Достық", Алматы облысы

"Қолжат", Алматы облысы

"Бақты", Шығыс Қазақстан облысы

"Майқапшағай", Шығыс Қазақстан облысы

Қырғыз Республикасымен:

"Кеген", Алматы облысы.

2024 жылғы 1 наурыздан бастап көрсетілген өткізу пункттері сағат 07.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.


Өзгерістер Үкіметтің 23.11.2000 жылғы № 1749 қаулысына сәйкес 2024 жылғы 1 наурыз сағат 00.00-ден бастап елдің барлық аумағында бірыңғай сағаттық белдеудің белгіленуіне байланысты енгізілді. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды