Анасын іздеу үшін Қазақстанға қайта оралған Жәнібек балалар үйіне барды

Шетелдіктер асырап алған қазақ баласы - Жәнібек Савельев Қазақстанға анасын іздеу үшін қайта оралып, күні кеше Астанада "Қазақ радиолары" өткізген "Мың алғыс" шарасына қатысқан болатын. Бүгін, 1 наурызда ол елордадағы балалар үйіне болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Жәнібектің өзі Instagram-дағы парақшасында жазды.

"1 наурыз –Алғыс айту күні. Менің өмірім Қазақстанның Арқалық қаласындағы Балалар үйінде басталды.Соңғы айларда мен бұрын Балалар үйінде жұмыс істеген кейбір тәрбиешімен танысуға мүмкіндік алдым. Мен оларға өте ризамын. Осы мейірімді мерекеде алғысымды білдіру үшін, Астанадағы kindervillage-ге, балаларды қуантып, көптеген сыйлық, ойыншықпен баруға маған рұқсат етілді", деп жазды ол желідегі парақшасында.


Сурет: Instagram/muratsaveliev

Сондай-ақ ол кейбір балалардың анасы да, әкесі де жоқ және олар кәмелет жасқа толғанға дейін осы Балалар ауылында, түрлі жастағы балалармен бірге аралас отбасында тұратындығына куә болғанын да айтты. 

"Олар сыйлықтарды алып, ашып, көріп жатқанда жүзіндеріндегі қуанышты байқап, өзім де толқып кеттім. Осы ерекше мерекеде менің тілегім – әр баланың жақсы, жылы үйде өмір сүргенін қалаймын. Әр баланың әдемі әпкесі мен ағасы болып, жалғызсырамауын тіледім. Әр адамның алдында жарқын болашақ болса екен деп тілеймін", делінген оның жазбасында.

Айта кетсек, Жәнібектің анасына қатысты зерттеу жұмыстары әлі жалғастығын табуда.

Алдында ол Қазақстанға келіп, бірнеше телерадиобағдарламаға да қатысып, анасын таппай кеткен. 21 жастағы Эдди Жанға дүниеге келгенде Жәнібек деген есім берілген екен. Сондықтан барша Қазақстан халқы оны қазақша есімімен қабылдап, оған тілекші болуда. Алайда қазір Эдди Жан өзін Мұрат деп атайды. «Бармысың, бауырым?» хабарының жүргізушісі Қымбат Досжан оған анасын табуға көмектесіп жүр.

Астана
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: