Ақмола облысындағы жылқылардың қырылу себебі аталды – АШМ

Ауа райының қолайсыздығынан және жайылымдық жерлердің қатқақ болуынан Біржан-Сал учаскесінде (Мамай ауылы) жылқылардың тебіндеуі қиындап, жаңа туған және кәрі малдар қырылып қалған еді. Осыған қатысты Ауылшаруашылығы министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, жануарларын ұстау жағдайын тексеру, жергілікті жердегі жем-шөп мәселесін зерделеу және шешу мақсатында қабылданған шаралардың атқарылу барысымен танысу үшін Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қайыржан Байжанов, Мал шаруашылығы департаменті директорының орынбасары Ерлан Ілиясов және бірқатар сала мамандары аудандарға барды.

Ауа райының қолайсыздығынан және жайылымдық жерлердің қатқақ болуынан Біржан-Сал учаскесінде (Мамай ауылы) жылқылардың тебіндеуі қиындап, жаңа туған әрі кәрі малдар қырылып қалған еді. Жергілікті атқарушы органдардың  деректегінше, ауылда 1116 бас жылқы өлімі тіркелген.

Халықтың негізгі бөлігі жануарларды күтіп-бағуды жеке аулаларына ауыстырған. Жайылымда тек қана иелері қалаларда және басқа елді мекендерде тұратын, сондай-ақ өз малдарын азықпен қамтамасыз етпеген тұрғындардың малы қалған.

Жалғызқарағай ауылында (Ақкөл ауданы) тұрғындарың 1 220 бас,  «Асхат» ШҚ 290 бас жылқы бар. Көтерем болған және аяқтарының мұз қабығынан жарақаттануының салдарынан жайылымдағы жылқыларды елді-мекенге жеткізу мүмкін болмаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша 55 бас жылқы өлген.

Қарабұлақ (Степногорск ауданы) ауылында 4 276 бас жылқы есепте тұр. Мұнда да жағдай өзге аудандармен ұқсас. Жалпы Степнагорск ауданында - 14 375 бас жылқы малы бар. Қыстың басынан бүгінгі күнге дейін Степногорск өңірі бойынша 42 бас жылқы шығынға ұшыраған.

Мамандар аудандарды аралау барысында 13 бас малдың өлімін тіркеді. Жылқылардың қыс мезгілінде қырылуына иелерінің малдарды фермаларда ұстамауынан және қажетті мөлшерде жем-шөп дайындамай, ашығуы себеп болған.

Қабылданатын шаралар:

Жалпы, Ақмола облысы ветеринария басқармасының мәліметі бойынша, 2023 жылдың желтоқсанынан бастап қазіргі уақытқа дейін 117 бас жылқының өлімі тіркелген, оның ішінде тек 27 бас жылқы ғана жергілікті жерлердегі ветеринариялық есептікке алынған. Қалған жылқылар нақты тіркеуде жоқ олардың иелері де белгісіз.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: