Атап өткендей, Алматыда жол қауіпсіздігін 120-дан астам патрульдік полиция бригадасы қамтамасыз етеді.
"Алматыда жол жағдайы тұрақты және бақылауда: бағдаршамдар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, қаланың негізгі көлік артериялары қолмен реттеуге көшті." Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі
Ата-аналардың бір мезгілде балаларын үйлеріне алып кетуіне байланысты, қаладағы мектептер мен балабақшалар аумағында көлік қозғалысы көбейген. Бұл азғантай кептеліс әдеттегі мәселе ретінде шешілуде;
Алматыдан барлық бағыттар бойынша шығатын жол ашық, көлік ағынының өткізуі қалыпты режимде жұмыс істеуде.
Жанармай құю бекеттеріндегі жағдай да тұрақты: көлік кептелісі жоқ.
Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.