Қызылорда облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Сурет: polisia.kz
Қызылорда облысы полиция департаменті және Қазалы аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдері түйе ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді.

Осы жылдың ақпан айында аудандық полиция бөліміне малдары ұрланған Әйтеке би кентінің тұрғындарынаң арыз түсті. Полиция қызметкерлері дереу жедел-іздестіру шараларына кірісіп, арам пиғылдарын жүзеге асырған ұрыларды анықтады.

Тексеру барысында олардың 9 түйені далалық жерде жайылып жүрген жерінен атып, сойып алып кеткендігі белгілі болды. 24-30 жастағы қылмыстық топтың мүшелері ұсталып, бөлімнің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сурет: polisia.kz

Айғақ зат ретінде аңшы мылтығы мен оның патрондары, пышақтар, мал терісі алынды.

Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктілердің облыс аумағындағы басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр.

Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады