Алматыда 1 сәуірден бастап қоқыс шығару тарифі қымбаттайды

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі
Бүгіндері Алматы қаласы бойынша халыққа арналған қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін бекіту жөніндегі жоба қоғамдық талқыға ұсынылып қойылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әзірге қоқыс шығару тарифі 553,04 теңгені құрайды. Бұл сомаға контейнерлік алаңдардан қалдықтарды жинау және оны қоқыс сұрыптау кәсіпорындарына тасымалдау, қалдықтарды сұрыптау, пайдалысын одан әрі өңдеу үшін алу, көмуге жатпайтын қоқысты тасымалдау, қалдықтарды қабылдау және көму бойынша қызметтер кіреді.

Құжатта 2017-2023 жылдар кезеңінде дизель отынының орташа құны 3 есеге ұлғайып, қосалқы бөлшектерге шығатын шығындар өскені атап көрсетілген. Ал бұл кезеңде ҚТҚ-ны әкетуге арналған тарифтер қайта қарастырылмаған.

ҚТҚ жинақтаудың жаңа нормаларын әзірлеуге байланысты қоқыс тасымалы бойынша тарифтерді біріздендіру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Алматы қаласының мәслихаты қала бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифін жаңадан бекіту туралы шешім қабылдады. Жаңа тариф 165,46-ға ұлғайтылды және айына бір тұрғынға 718,5 теңгені құрайды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді