Астана полициясы тұрғыннан 2,6 келі есірткі тәркіледі

Сурет: ҚР ІІМ
Елорда полициясы қала аумағына есірткі заттарын жеткізіп, сататын тұрақты арнаны жойды.

Полиция қызметкерлері күдікті ретінде 32 жастағы ер адамды ұстады. Оның көлігін тінту кезінде белгілі иісі бар зат салынған полиэтилен пакетін тауып, тәркіленді.

Тұрғылықты жерін тінту кезінде құрамында ерекше иісі бар ақшыл түсті зат және электронды таразы бар 76 полиэтилен пакеті табылды.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, елорда тұрғынынан тәркіленген заттар мефедрон, каннабис шайыры, марихуана есірткі заттары екені расталды.

Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 2,6 келіні құрады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ер адам Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі