Ақмола полицейлері жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқты ұстады

Сурет: Zakon.kz
Ақмола облысы ПД криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімі жоқ пәтерлерді жалға беріп келген интернет-алаяқты ұстады.

Бұрын алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған 22 жастағы ер адам Instagram әлеуметтік желісінде және Krisha.kz сайтында пәтерді жалға беру туралы жалған хабарландырулар орналастырған. Күдікті алдын ала төлем алғаннан кейін клиенттердің нөмірлерін бұғаттап тастаған.

"Жалпы алғанда ол мұндай алаяқтықтың 8 фактісін жасады деген күдікке ілініп отыр. Оның алтауы Ақмола облысының аумағында жасалған", – дейді Ақмола облысы ПД киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы Ермек Манатов.

Күдіктіге қарсы ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті азаматтарды интернет желісі арқылы мәмілелер жасау кезінде қырағылық танытуға, алаяқтардың айла-амалдарына берілмеуге және бейтаныс адамдардың нұсқауы бойынша өздерінің жинақтарын аудармауға шақырады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы