Арақ сатып алуға ақша бермеген азамат кісі қолынан қаза тапты

Сурет: pixabay
Павлодарда арақ сатып алуға ақша бермегені үшін бір азамат кісі қолынан қаза тапқан. Былтыр жазда болған атышулы іске сот үкім кесті.

Тергеу нәтижесіне сай, спирттік ішімдікті сатып алуға талпынған әйелдің тиын-тебен бермегені үшін бірге тұрған ер адамға пышақ салғаны анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Екеуара жанжалдан жапа шеккен азамат оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

"Бұл іс аса ауыр қылмыс санатына жатады және 15 жылға дейін бас бостандығына айыру түрінде жазаны көздейді. Кінәсін ішінара мойындаған, сондай-ақ қылмысты масаң күйде жасаған, қылмысының қауіпті болуын ескере отырып, сот Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 11 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ", – деді облыстық соттың баспасөз хатшысы Агидель Ибраева.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды