Бүгінгі күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың үш асыл тұқымды құмай тазысы бар.
Оның бірі – қызғылт-сары түсті Наурыз атты күшік.
Сурет: akorda.kz
"Бұл тазыны былтыр Мемлекет басшысына ит асыраушы Анна Захарова сыйға тартқан болатын. Қазір Наурыз 1 жас 4 айға толды." Мемлекет басшысының баспасөз қызметі
Сурет: akorda.kz
Қалған екеуі – 4 жасар, ақшыл-сары түсті Ронни деген арлан тазы мен 5 жасар ақшыл түсті Нэнси.
Иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп-бапталады. Арнайы сертификаты бар кинолог маман оларды үйретіп, саятшылыққа баулиды.
Қасым-Жомарт Тоқаев бос уақытында тазыларымен серуендегенді ұнатады.
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақ ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын.
Заң жобасының негізгі мақсаты – қазақтың Тазы және Төбет ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін белгілеу.
Атап өту керек, президент мемлекет пен жеке тұлғалар тарапынан сирек тұқымды иттің гендік қорын қолдауға бағытталған барлық талпынысты қолдайды.
2024 жылдың 7 ақпанында Қасым-Жомарт Тоқаев Эммануэль Макронға екі тазы күшігін жібергені белгілі болды.