Астаналықтар жылу тарифтерін төмендетуге қол жеткізді

Сурет: freepik
2024 жылдың ақпанында астаналықтарды жылу мен электр энергиясы үшін өсірген төлемдер ашуландырды. Ал бүгін, 15 наурызда олардың жылу тарифтерін төмендетуге қол жеткізгені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Астана-Теплотранзит" АҚ-ның қызметін талдау барысында, көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюына байланысты негізсіз алынған табыс түріндегі, сондай-ақ субъектінің теңгерімінде жоқ нысандарға бағытталған тарифтік смета шығындарын заңсыз пайдалану бөлігінде бұзушылықтар анықталды.

"Нәтижесінде, ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті уақытша өтемдік тариф енгізу арқылы негізсіз алынған табысты қайтару бөлігінде, "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ден қою шараларын қабылдады." Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметі

Осылайша, қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ескере отырып, тұтынушылардың жалпы сомасы 3 149 711 000 теңгеге құқықтары қалпына келтірілді.

Қабылданған шаралар түпкілікті тұтынушы үшін жылу тарифінің 8 % - ға төмендеуіне алып келді.

Осылайша, ТМРКД табиғи монополиялар субъектілерінің табиғи монополиялар туралы заңнама талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмыс жүргізеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды