Тоқаев қыз алып қашу туралы: Ақтауға мүмкін емес жайт

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 15 наурызда Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде прогрессивті қоғамның мұраттарына қайшы келетін қыз алып қашу тәжірибесін тоқтату туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы дәстүрлі отбасылық құндылықтарды берік және дәйекті түрде дамыту қажет екенін атап өтті.

"Елімізде қыз алып қашуды ұлттық дәстүр санап, ел ішінде дәріптегісі келетіндер бар. Бұл – мүлдем ақтауға болмайтын заңсыздық, қараңғылық, тіпті, масқара тірлік. Өркениетті қоғамда әр азаматтың абыройы, құқығы және бостандығы баға жетпес құндылық болуы керек. Сондықтан мұндай ақылға сыймайтын әрекеттерді қатаң сынға алу жеткіліксіз. Оған құқықтық баға беріліп, біржола тосқауыл қойылуға тиіс." Мемлекет басшысы

Мемлекет басшысы елімізде ұлттық дәстүрді атын жамылып, қыз алып қашу тәжірибесін енгізуге тырысатындар бар екеніне тоқталды.

"Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар". Ата жолын сақтаймыз десек, ғасырлар бойы бабаларымыз ұстанған асыл дінімізді сақтайық. Дәстүрлі ислам – халқымыздың ұлттық бірегейлігін танытатын басты құндылықтың бірі. Біз оны берік ұстану арқылы экстремизмге және кертартпалыққа қарсы тұра аламыз. Жұртымыздың өзіне ғана тән ерекшелігі бар. Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев адам әрқашан өзінің әлемді түсінуінен бастау алып, өзінің бірегей мәдени кодымен жүру керектігін айтты.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

ІІМ 17 тонна жанар-жағармайдың заңсыз шығарылуына тосқауыл қойды

22 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Президент мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде жаңа міндеттерді айқындап берді

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады

Әртістік жүзу: Виктор Друзин мен Наргиза Болатова әлем кубогы суперфиналының қола жүлдегерлері атанды