Полиция мен күзетшілер ер адамды үсіп қалудан құтқарды

Сурет: pixabay
Рудныйдың 62 жастағы тұрғыны жұбайымен жанжалдасып, саяжайға кетіп қалады. Ер адам көлік тоқтатып біраз жер жүрген. Алайда саяжайға жол болмағандықтан жаяу жүрген.

Рудныйдың 62 жастағы тұрғыны жұбайымен жанжалдасып, саяжайға кетіп қалады. Ер адам көлік тоқтатып біраз жер жүрген. Алайда саяжайға жол болмағандықтан жаяу жүрген. 1,5 шақырым жүріп өткеннен кейін қар құрсауында қалып қояды. Кешқұрым күзетшілер аумақты бақылап жүріп адам іздерін аңғарған.

"Іздерді көріп, "ұрылар" екен деп ойладық. Алайда, от жағып жылынып отырған адамның үстінен түстік", - дейді күзетшілердің бірі.

Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Серік Оспанов пен Асхат Алдешов жеткен. Ер адам астматик және қатты суықтан аяқтары тартылған.

"Біз Рудный тұрғынын жылыту үшін көліктің чехолына жатқызып, қызметтік көлікке дейін сүйреттік", - деп атап өтті Серік Успанов.

Зардап шеккен адамға жедел жәрдем шақырылып, дәрігерлерге тапсырылды. Адасқан ер адамның жұбайы күйеуін құтқарғандарға алғыс білдірді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті