Шымкентте патрульдік полиция полкі ротасының командирі қамауға алынды

Сурет: видео скрині
Шымкент полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қала тұрғындарының бопсалау және делдалдар арқылы пара алу жайты туралы арызы бойынша патрульдік полиция полкі ротасының командиріне қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиналған материалдардың нәтижесінде және қала прокуратурасының келісімі бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

"Шымкент полиция департаментінің басшылығы заңды теріс пайдалану мен антты бұзудың кез келген көрінісіне қатаң ден қояды. Бұрынғы еңбегіне қарамастан, бірде-бір кінәлі тұлға мундирдің абыройына нұқсан келтіретін әрекеттері үшін жауапкершіліктен құтыла алмайды", - деп хабарлады Шымкент полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы.
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғамақ

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді