Мәскеудегі лаңкестік әрекеттен қаза тапқандар саны 110 адамнан асты

Сурет: РФ ТЖМ
Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің соңғы мәліметі бойынша, "Крокус Сити Холлда" болған терактіде қаза тапқандар саны қазір 115 адамды құрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іздеу жұмыстары жалғасуда. Марқұмдардың мәйіттерін төтенше жағдайлар қызметі үйінділерді тазалау кезінде тапты, деп хабарлады ведомство.

Бұған дейін лаңкестік әрекеттен 93 адамның қаза тапқаны хабарланған болатын. Одан кейін Тергеу комитеті қаза болғандар санының артатынын ескертті.

Ресей президенті Владимир Путинге 11 адамның ұсталғаны туралы хабарланды. Әңгіме Крокус Сити Холлдағы терактіге қатысқан 4 лаңкес туралы болып жатыр, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.

22 наурызда кем дегенде үш камуфляж киген адамдар "Крокус Сити Холл" ғимаратының бірінші қабатына басып кіріп, автоматтан оқ жаудырды. Оқиға Пикник рок тобының концертіне бірнеше минут қалғанда басталды.

23 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің мүшелерімен Ресей Федерациясындағы лаңкестік әрекетке байланысты шаралар туралы кеңес өткізеді.

Бұған дейін ресейлік БАҚ мәлімдемелеріне сәйкес, атыс жасады деген алты лаңкестің төртеуінің тұлғасы белгілі болған.

Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті