Алматының орталығында саябақтың орнына тұрғын үй кешенін салғысы келген

Сурет: unsplash
Алматы қаласының прокуратурасы қала орталығындағы саябақты қайтарды. Ведомстваның мәліметінше, көпқабатты тұрғын үй салу үшін заңды тұлғаға 2,8 г. жер телімін заңсыз беру фактісі анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Талдау көрсеткендей, 2007 жылы жергілікті атқарушы орган Алматы қаласының Бас жоспардың ережелерін және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын елемей, заңды тұлғаға саябақ аймағы қарастырылған учаскеге жеке меншік құқығын берген.

Кейіннен бұл жер шамамен 2,3 миллиард теңге өтемақы төленіп, мемлекет мұқтажы үшін тәркіленді.

Уәкілетті орган қадағалау актісін орындау үшін Алматы қаласы әкімінің қаулысын және одан кейінгі азаматтық-құқықтық мәмілелерді заңсыз деп тану туралы талап арыз берді.

2024 жылғы 26 наурызда апелляциялық сатыдағы сот талаптарды толық қанағаттандырды.

Қазақстан
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды