Алматыдағы элиталық тұрғын үй кешені миллиондаған қарыздың кесірінен жарықсыз қалды

Сурет: pxhere
Esentai City тұрғындары жарықсыз өмір сүруге мәжбүр. Бұл тұрғын үй кешенінің үлкен қарызы болуы салдарынан орын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Алатау жарық компаниясы" АҚ баспасөз қызметі келесідей ақпарат берді:

"Esentai City" тұрғын үй кешенінде жиналып қалған ірі қарызға байланысты "Алматы ЭнергоСбыт" ЖШС өтініші бойынша электр қуаты үзілді.

Ал, "Алматы ЭнергоСбыт" ЖШС қарыз сомасын нақтылады.


"Қазіргі таңда "Esentai City" тұрғын үй кешенінің жалпы қарызы шамамен 33 миллион теңгені құрайды", - делінген хабарламада.

Бір қызығы, кешеннің веб-сайтында: "Бұл қала ішіндегі қала, мұнда заманауи адамның өмірінің жайлылығына басты назар аударылады".

2024 жылдың 28 наурызында Алматыда ауа райының нашарлауына байланысты "Алматы Қала Жарық" және "Алатау Жарық Компаниясы" АҚ жедел топтары мәлімдеме жасады. Олар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды