Ақтауда лаңкестік әрекеттің алды алынды

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтаудағы лаңкестік әрекеттің алдын алу туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылдың 1 сәуірінде Ақтауда ҰҚК қызметкерлері прокуратурамен келісе отырып, лаңкестік әрекетке дайындалды деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.


"Оның тұрғылықты жерінде тінту барысында зақымдайтын элементтері бар жарылғыш құрылғыны дайындауға арналған компоненттер және өзге де заттай дәлелдемелер алынды." ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ол бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған, радикалды діни идеологияны ұстанушы болып табылады.

Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 255-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, көктайғақ болады". Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ақтөбе облысында полицейлер Меккеге қажылыққа бара жатқан шетелдік азаматқа көмектесті

Астанада қар жауып, көктайғақ болады, ал оңтүстікте күн жылынады

15 қарашадан бастап осы үш жұлдыз белгісінің өмірінде жақсы өзгерістер болуы мүмкін

Ақмола облысында полицейлер жоғалған 86 жастағы қарияны іздеп тапты