Атырауда колонияға жеткізілген балықтан психотроптық препараттар табылды

Сурет: ҚР ІІМ
2024 жылды 1 сәуірінде Атырау қаласындағы колонияға жеткізілген балықтан психотроптық заттар табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведоства таратқан ақпаратқа сай, 1 сәуірде Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №15 мекеменің (ерлер колониясы) жедел бөлім қызметкерлері "Еңбек Батыс" РМК Газель автокөлігін тексеру барысында тыйым салынған заттарды анықтады. Көлік ерлер колониясына азық-түлік тасымалдаған.

Рентгендік тексеру кезінде балықтан (майшабақ) аса мұқият жасырылған медициналық шприцке оралған 20 дана өзіне тән иісі бар белгісіз жасыл түсті зат, алты дана спецификалық ерекше иісі бар белгісіз қара зат, үш бөтелке тропикамед, 18 дәрі тәріздес ақ таблетка анықталған.

Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Мені кісі өлтіруге мәжбүрледі": Атыраудағы қанды қылмысқа күдікті Сәрсемәлиев сотта мәлімдеме жасады

Алматы әуежайы уақытша бір кіреберісін жабады

ШҚО-да ауруханада өзін агрессивті ұстап, тәртіп сақшыларын балағаттаған ер адам жауапқа тартылды

"Үсік жүреді". Қазақстанның барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

LRT неге уақытша тоқтағанын тасымалдаушы түсіндірді