"ҚазАвтоЖол" филиалының директоры бопсалап пара алғаны үшін бас бостандығынан айырылды

Сурет: Zakon.kz
2024 жылғы 2 сәуірде Павлодар қаласының No2 сотында "ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы" АҚ Павлодар облыстық филиалының директоры мен бас маманға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оларға "Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігінің 1-тармағы) бопсалау арқылы ірі көлемде пара алды деген айып тағылды.

"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ директоры А.М. 2023 жылдың 29 маусымында көмектесушiсі "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ бас маманы Ө.З.-мен, яғни орындалған жұмыстардың актісіне қол қоймаймын және Павлодар-Астана автожолын күтіп ұстау бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шартты бұзамын деп қорқытып, мердігерден жалпы сомасы 4 000 000 теңге пара ретінде ақша алған.

Сотталушылардың кінәсі жәбірленушінің, куәлардың айғақтарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен, заттай және құжаттамалық дәлелдемелермен дәлелденді.

Сондай-ақ А.М. лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша айыпталды (ҚК 361-б. 4-б. 3) т.).

"Прокурор А.М.-ға түпкілікті 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын, ал Ө.З.-ға – 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сотталушылар кінәларын толығымен мойындамады, ақтауды сұрады." Павлодар қаласы №2 сотының баспасөз қызметі

Сот жеңілдететін мән-жайларды, асырауында жас балалардың болуын ескере отырып, А.М.-ға 8 жыл бас бостандығынан айыру, ал Ө.З.-ға 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

А.М. - қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша (ҚК 361-б. 4-б. 3) т.). - қылмысқа қатысуы туралы дәлелдемелердің болмауына байланысты ақталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

Тоқаев Ұлыбритания королі ІІІ Чарльзды туған күнімен құттықтады

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін