Нұржігітов су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысында болып, жергілікті халықпен жүздесті

Сурет: ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі
30 наурызда Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды. Министр Ақтөбе су қоймасын аралап, тасқын суын өткізу барысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазсушар" РМК, жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бірлесе жұмыс істеп, тасқын суын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті.

Су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбе облысының тұрғындары Су ресурстары және ирригация министріне көмек алу және су тасқыны жағдайы туралы сұрақтарын қойды.

Нұржан Нұржігітов Мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жөніндегі тапсырмасы туралы айтып берді.

Сондай-ақ, тасқын суын жіберу бойынша іс-шаралардың барысы туралы баяндады.

"Қазсушар" РМК, жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бірлесе жұмыс істеп, тасқын суын қауіпсіз өткізуді қамтамасыз етті. "Қазгидромет" болжамы бойынша, 30 наурыздан 5 сәуірге дейін Ақтөбе су қоймасына 210 млн текше метр, Қарғалы су қоймасына 180 млн текше метр су келуі мүмкін. Сондықтан біз су қоймалары өзара байланыста жұмыс істеуін қамтамасыз етуіміз керек. Қазір біз "Қазсушар" РМК жүргізіп жатқан жұмысты талдап, қажетті шешім қабылдаймыз", – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.


Айта кетсек, 30 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқыны салдарынан туындаған төтенше жағдайға байланысты шұғыл кеңес өткізіп, бірқатар лауазымды тұлғаға қатаң сөгіс жариялаған болатын. 

Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Италияда қазақстандық студент қаза тапты

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Алматы хайуанаттар бағында арыстанға тас лақтырған әйел жазалануы мүмкін