"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Түркістан филиалына 16 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды

Сурет: Zakon.kz
"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Түркістан өндірістік филиалына қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Түркістан өндірістік филиалының қызметіне жүргізілген жоспардан тыс тексеру қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Түркістан өндірістік филиалына реттеліп көрсетілетін қызметтер мен тауарларды, жұмыстарды ұсынуға қол жеткізу бөлігінде әкімшілік іс қозғады.

Тексеру барысында, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Түркістан өндірістік филиалы 2022 жылғы 4 наурыздан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта тұтынушылардан бастапқы газға қосылуға және пломбалауға 163 545 574,00 теңге заңсыз алынғандығы анықталды.

Осыған байланысты, Департамент аталған соманы тұтынушыларға қайта қайтару негізінде тиісті нұсқама шығарды.

Нәтижесінде, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Түркістан өндірістік филиалы Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 164-бабының 5 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған жалпы сомасы 16 354 557,4 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Қазіргі уақытта, субъект салынған әкімшілік айыппұлмен келіспей сотқа жүгінуде.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!