Оралға қосымша құтқару күші жіберілді

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2024 жылдың 4 сәуірінде Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Орал қаласына қосымша күштің жіберілгені жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Маңғыстау облысының жедел тобының күштері Ақтөбе облысынан Батыс Қазақстан облысының Орал қаласына жіберілді."ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

"КТК" телесюжетіне сәйкес, өңірде 6 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

Құтқарушылар жергілікті тұрғындарға үйде қалу қауіпті екендігін бірнеше күн бұрын ескертсе де, әлі күнге дейін дүние-мүлкі үшін алаңдап үйде отырғандардың саны аз еместігін жеткізді.

"Көптеген адамдар эвакуацияланудан өз еркімен бас тартуда. Соған қарамастан біздің қызметкерлер үздіксіз түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірақ әзірге ешкімді мәжбүрлемейміз. Егер жағдай қиындап жатса, ПД қызметкерлеріне жүгінуге мәжбүрміз.".Нұралы Мусиев, БҚО ТЖД басқармасының бастығы

2024 жылғы 3 сәуірде депутаттар өңірлердегі су тасқынының ағымдағы жағдайы туралы айтты. Мысалы, Мақсат Толықбай су тасқыны көктемнің басталуымен жылдан-жылға қайталанып жатқанын атап өтті.

"Елімізде су саласында білікті мамандар жетіспейді. Гидрологтар мен гидротехниктер кешенді жұмыс жүргізбейді.",- деді мәжілісмен.
Қазақстан
Орал

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстан балмұздақ өндіруден рекорд орнатты

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі