Түркістан облысында шетелдіктерге шекараны заңсыз кесіп өтуге көмектескен адамдар тобын ұстады

Сурет: Zakon.kz
Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері көші-қон заңнамасын өрескел бұзған шетелдіктерге көмек көрсетумен айналысқан адамдар тобының қылмыстық әрекетін тоқтатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

4 сәуірдегі ведомстваның мәліметінше, жедел уәкілдер заңсыз көші-қонды ұйымдастырды деген күдікпен 9 күдіктіні ұстады, оның екеуі – әйел, жетеуі – ер адам. Олардың бірі Өзбекстан азаматы болса, қалғандары жергілікті тұрғындар.

Сондай-ақ полицияға Өзбекстанның 6 азаматы жеткізілді.

Осылайша полицейлер тінту іс-шараларын жүргізіп, құжаттар мен 6 шетелдік паспорт, Сайга аңшы мылтығын патрондарымен, екі есірткі заты бар орама, 16 телефон, жарты миллион теңгеге жуық қаражат, 250 мың өзбек ақшасы және өзге де заттай дәлелдемелерді тауып, тәркіледі.

Қазіргі уақытта заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда. Болған оқиғаның барлық жағдайлары анықталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды