Атырау облысында күзет полициясы тұтас бір ауылды су астында қалудан сақтады

Сурет: ҚР ІІМ
Атырау облысы Қызылқоға ауданында Ойыл өзені арнасынан тасып, қазір көптеген ауылға қауіп төніп тұр6 деп хабарлайды Zakon.kz.

3 сәуірде Индер – Миялы облыстық маңызы бар тасжолында тасқын су көтеріліп, жолды түгел басып қалу қауіпі төнді.

Бұл өз кезегінде ауыл маңы түгел суға кеткен Қоныстану ауылына гуманитарлық көмек апару және қажет жағдайда эвакуация жасау үшін жалғыз ғана негізгі жолдың жабылуы мүмкін екенін ескеріп, жергілікті тұрғындардың бірі жақын маңдағы Қаракөл ауылында бөгет көтерумен айналысып жатқан ҚР ІІМ Атырау облысы МКҚБ ММ-нің қызметкерлерінен көмек сұраған.

Полиция қызметкерлері дереу арада сол жерге жетіп, учаскелік полиция инспекторларымен және жергілікті тұрғындармен бірге ұзындығы 2 км бөгет жасап, тасжолды су басуға жол бермеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды