Ресейлік кеденшілер Қазақстанға қолтырауынды өткізбеді

Сурет: pxhere
Бакс атты қолтырауын Қазақстанға жіберілмеді, деп хабарлайды Zakon.kz Ресей Федералдық кеден қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылдың 4 сәуіріндегі ақпарат бойынша, жыртқыш Орск өткізу пунктінде жүк көлігінен табылған.

"Кеден қызметкерлері жеңіл жүк көлігін тексеру барысында тірі қолтырауын салынған ағаш қорапты тапты. Бауырымен жорғалаушының ұзындығы-1,8 метр".Ресей Федерациясының Федералды кеден қызметінің баспасөз қызметі

Жүк көлігінің жүргізушісінде жануарды шетелге шығаруға рұқсат құжаттары болмаған. Сонымен қатар, қолтырауынның ветеринарлық төлқұжаты да қате толтырылған.

Құжатқа сәйкес, қолтырауынның аты Бакс. Иесі оны 2009 жылы сатып алған.

"Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтау мақсатында жедел іс-шаралар жүргізілуде. Қолтырауын арнайы мамандандырылған ұйымға берілді."РФ Федералды кеден қызметінің баспасөз қызметі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды