ҚМДБ су басқан аймақтарға көмек қолын созуда

Сурет: muftyat.kz
Елімізде орын алып жатқан су тасқыны жағдайына тиісті ведомстволар мен атқарушы органдардан бөлек, діни мекемелер де көмек көрсетуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

2024 жылдың 5 сәуірі күні ҚМДБ төреағасы Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтият қызметкерлері және облыс бас имамдарының онлайн қатысуымен су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға қайырымдылық көмек көрсету жөнінде арнайы жиналыс өткізді.

Сурет: muftyat.kz

Жиын барысында "Зекет және қайырымдылық" қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев Бас мүфтиге Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында тұрғындарға көрсетіліп жатқан қайырымдылық көмек жөнінде есеп берді.

Сурет: muftyat.kz

Дін өкілдері апат болған аймақтағы халыққа барынша көмек қолын созуда. Мәселен, ҚМДБ мәліметінше Ақтөбе облысында имамдар 1 миллион 382 391 теңге қаражат жинап, Ойыл және Қобда ауданы тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетті.

Еске саламыз, еліміздің 9 облысында ірі су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Тасжолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: ел намысын кімдер қорғамақ

Алматыда жаңа саябақ салу үшін жер телімдері мемлекет меншігіне өтеді