Алматы әуежайында Интерпол іздеп жүрген екі шетелдік азамат ұсталды

Сурет: ҚР ПД баспасөз қызметі
Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросы криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, Алматы қаласының халықаралық әуежайында халықаралық іздеуде жүрген ҚХР азаматтарын ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ПД мәліметінше, ұсталғандардың бірі Қытайдың құқық қорғау органдарымен іздестірілген. Ол Харбин қаласы Даоли ауданының базарында 100-ден астам сатушыдан ақша бопсалаған.

"Күдікті Вьетнамнан шығып, Қазақстанға Катар арқылы кірмек болған. Ал екінші ер адамды Сауд Арабиясының құқық қорғау органдары Эр-Рияд қаласындағы әйгілі дүкендерден аса ірі мөлшерде зергерлік бұйымдарды ұрлағаны үшін іздеуге жариялаған. Келтірілген шығын 200 мың АҚШ долларынан асады.",- делінген ведомства хабарламасында.

Қазіргі таңда қылмыскерлер қамауға алынды, оларды экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Айта кетейік, 8 сәуірде Алматы әуежайында елге жалған төлқұжатпен кірмек болған шетелдік ұсталып, бірден депортацияланған болатын.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз