Республикалық маңызы бар бірқатар трассаларды су шайып кетті

Сурет: pxhere
“Қазавтожол” ҰҚ” АҚ-ның 10 сәуірдегі мәліметінше, еліміздің республикалық маңызы бар 8 жол жүру учаскесі жабық,- деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомства автомобиль жолдарын су шайып кетудің бірден-бір себебі - күннің күрт жылып, қардың тез еруі салдары екенін атап өтті.

2024 жылғы 10 сәуірдегі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде су тасқыны орын алды."Қазавтожол" ҰҚ" АҚ

Сонымен қатар, 6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 14 автомобиль жолдарында қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 365 бірлік техника мен 701 адам жұмылдырылған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты