Атырауда 11 адамды сан соқтырған алаяқтарға сот үкімі шықты

Сурет: ҚР ІІМ
Атырау облысында полицияға 10-нан астам тұрғын алаяққа алданғанын айтып, арыз жазған.

Айтуларынша, белгісіз біреу заманауи тұрғын үйлерден пәтерлерді тәулігіне жалға беремін деп алдап, ақшасын иемденіп кеткен.

Алдымен олар жарнамалық веб-сайтта тұтынушыларды төмен бағамен және пәтерге қызығушылықтарын арттыру үшін интерьердің әдемі фотосуреттерімен жарнамалаған.

Тұтынушыларға шартты соманы алдын ала төлеуді ұсынады. Сөйтіп екеуі төлем жасалғаннан кейін бірден хабарландыруды өшіріп, телефон нөмірін ауыстырып отырған.

Олар әр алаяқтық іс-әрекеттерін жасау барысында жаңа нөмірлерді қолданған. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 28 және 34 жастағы екі ер адамды анықтады. Күдіктілердің жеке басын анықтау кезінде екеуі де бұрын сотты болған БҚО азаматтары екені белгілі болды.

Күдікті екі азаматтың біріне сот үкімімен 4 жыл 6 ай, екінші күдіктіге 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз