Ресейде 37 өңір су тасқынынан зардап шекті

Сурет: pixabay
Жайық өзеніндегі су деңгейі қауіпті деңгейден асып, 942 сантиметрге жетті.

Салдарынан Орынбордың бірнеше ауданын су басты. 10 мыңтан астам үй су астына кетіп, мыңға жуық адам эвакуацияланды.

Жалпы Ресейдің 37 өңірі көктемгі су тасқынымен күресуде. Орынбор облысынан бөлек, Самара, Түмен, Қорған облыстары және Алтай өңірінде жағдай күрделі, деп жазады qazaqstan.tv.

Үш облыста төтенше жағдай режимі жалғасуда. Қазір төрт мыңнан астам су тасқынымен күресуде.

"Жағдай өте күрделі. Апаттың салдарымен күрес жалғасуда, арнайы комиссия құрылып, жедел желі іске қосылды. Төтенше жағдай кезінде азық-түлік, су қымбаттамайды." Александр Куренков, РФ Төтенше жағдайлар министрі
Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз