Жамбыл облысында республикалық тазалық акциясына 300-ге жуық адам жұмылды

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Сарысу ауданында "таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында экологиялық науқан бастау алды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Үндеуінде "Қалалар мен ауылдардың сәулетті, саябақтар мен ауланың таза болуы, ең алдымен, басқа біреуге емес, өзімізге керек. Азаматтарымыз қоғамдық орындар мен қоршаған ортаға жанашыр көзбен қарауға тиіс" – деп, атап көрсетті.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Осы бағытта 10 сәуір күні аудан көлемінде "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы басталды.

Бүгінде Сарысу ауданының орталығы Жаңатас қаласында орналасқан "Комсомол" көлінің аумағында тазалық жұмыстары өткізілді.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Акция аясында аудан әкімі Сәкен Мамытов аудан тұрғындарына тазалық акциясы аясында тазалық жұмыстарына ұйытқы, игі істерде дәнекер болуға және туған жерді түлетуге атсалысуға шақыра отырып, үндеу жасады.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аталған шараға 40-тан аса мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын жұмылдырылып, 300-ге жуық адам қамтылды.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жалпы, Сарысу ауданында жыл басынан бері 1500-ге жуық ағаш отырғызылып, тазалық жұмыстары белсенді ұйымдастырылуда.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Сарбаз жолы": БҚО-да 20 жас абыройлы борышын өтеуге аттанды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді