Төтенше жағдай министрлігінің 20 жыл бұрын жойылған функциясы қалыпқа келтірілді

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне 20 жыл бұрын жойылған функция қайтарылды. Мемлекет басшысы өткен аптада тиісті заңға қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті 2024 жылғы 10 сәуірде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өрт қауіпсіздігі саласындағы қадағалау функциясы қайтадан берілгенін нақтылады.

"Объектілерде Қазақстан Республикасының азаматының өміріне, денсаулығына және ұлттық қауіпсіздігіне айқын қатер төндіретін өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде олардың жұмысын өртке қауіпсіз жағдайды орнатқанға дейін тоқтата тұру шарасы қолданылсын.", – делінген хабарламада.

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Заңына Қазақстан Президенті 2024 жылғы 6 сәуірде қол қойды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін