Шымкентте үйдің гаражы астынан аса ірі көлемде есірткі табылды

Сурет: ҚР ІІМ
Шымкентте бір үйдің гаражы астынан аса ірі көлемде марихуана сақталған жертөле табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Есірткі сатушыны қалалық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері құрықтады.

Оның гаражының жертөлесінде бір қап марихуана мен 200-ге жуық есірткі орамасы анықталды.

Белгілі болғандай, жертөледе ер адам есірткіні өлшеп-орап, әрі қарай сату үшін сақтаған.

Тәркіленген есірткі құралдарының салмағы 10 келіден асты, бұл аса ірі көлемге жатады.

Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Шымкент
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі