Алматы полициясы көлік ұрлаумен айналысқан күдіктіні қолға түсірді

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы полицейлері көлік ұрлаудың 10 дерегінің бетін ашты.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен Audi автокөліктерін ұрлауды әдет еткен Жетісу облысының 35 жастағы тумасы ұсталды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол өз қылмысын мойындады. Ұрланған 6 көлік бүлінбеген күйінде табылды, олар қылмыстық іске заттай айғақ ретінде қосылды, күдіктінің айтуынша, тағы екі көлікті сатып үлгерген. Қазір қалған көліктердің қайда екендігі анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасарының міндетін атқарушы Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз