Құтқарушылар төтенше жағдайда көмекке келді

Сурет: ҚР ТЖМ
Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданында Аврора станциясының жанында автокөлік балшыққа батып қалды.

Жүргізуші өздігінен шыға алмай, құтқарушылардан көмек сұрады. Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері өтімділігі жоғары автокөлікпен оқиға орнына жетіп, көлікті жолсыз аймақтан шығарып, ер адам сапарын қауіпсіз жалғастыра алатын учаскеге дейін жеткізді.

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының Ақбақай ауылынан 70 км жерде жеңіл автокөлік балшыққа батып қалды. Автокөлік салонында 3 адам болған, олар құтқарушылардан көмек сұрады. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар автокөлікті таза учаскеге шығарды. Медициналық көмекке мұқтаж емес. Олар өз жолын əрі қарай жалғастырды.

Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарлаңыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін