Үндеуде айтылғандай, қалада су тасқыны қаупі бар.
"Мамандардың айтуынша, Ресей Федерациясынан судың мол көлемі 2-3 күнде қаламызға жетеді. Қауіпті деңгей 8,5 метр болса, қазір Жайықтың деңгейі 8 метрге жуықтады.", деліннен хабарламада.
Су тасқынына қарсы жұмысқа жергілікті атқарушы органның және төтенше жағдай қызметінің барлық ресурсы тартылды. Қазір 350 арнайы техника, 2000-ға жуық адам тасқынға тосқауыл қоюға жұмылдырылған. Сондай-ақ, көмекке өзге өңірлерден, облыс аудандарынан әскери қызметшілер, ТЖД қызметкерлері және еріктілер келді.
"Ең бастысы - азаматтардың амандығы. Сондықтан Жайық жайылымындағы саяжайлардың, су басу қаупі жоғары Курени, Старица, Коминтерн аудандарының тұрғындары эвакуация жасау қажет. Судың мол көлемі кез-келген уақытта жетіп, үйіңізді су басуы мүмкін. Өзіңіздің және жақын адамдарыңыздың өмірін қауіпке тікпей, шұғыл түрде тума-туыс, достарыңыздың үйіне орналасыңыз. Уақытша баратын үй болмаса, қалада эвакуациялық пункттер жасақталған. Олар тұрғындарды күні-түні үздіксіз қабылдайды."БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Сұрақтар бойынша қалалық штабқа 24-05-70 және 24-01-94 телефон нөмірлері арқылы хабарласуға болады.
Айта кетейік, тәулік бойы СҚО-да халықты эвакуациялау жалғасуда.