Еріктілер су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға арналған өнімдерді "ұрлады"

Сурет: Telegram/qr_tjm
Петропавлда полицейлер еріктілердің әрекеті туралы жалған ақпарат таратқаны үшін қала тұрғынын жауапқа тартты. Бұл туралы 2024 жылғы 18 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Петропавлда 47 жастағы әйел әкімшілік ғимараттардың бірінің артындағы аумақта азық-түлік пен басқа да қажетті заттарды тиеп жатқан еріктілерді видеоға түсіріп алған. Волонтерлар гуманитарлық көмекті ұрлап жатыр деген ой келген. Бірақ бұл күдігі туралы бірден полицияға емес, WhatsApp желісіндегі топқа хабарлаған. Өзі және басқа адамдар бар топтағы бейнежазба әп-сәтте TikTok желісіне тарап кеткен.

"Осылайша, облыс орталығының тұрғыны жалған ақпараттың тарауына жол берді. Мұны СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықтады. Өңірде су тасқыны басталғалы бері жалған ақпараттың таралуының жолын кесу мақсатында тәртіп сақшылары интернет-кеңістікті бақылауды күшейтті", – делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлері "азық-түлік ұрланып жатыр" деген хабарламаны тексерді. Шын мәнінде, тиеліп жатқан жүк Есіл өзенінің тасуынан зардап шеккен Қызылжар ауданының Большая Малышка ауылына жіберілген.

"Ойланбастан асығыстық жасаған Петропавл тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды."ҚР СҚО ПД баспасөз қызметі

Айта кетейік, өңірдегі су тасқыны кезеңінде алаяқтардың тасы өрге домалап тұрғанын жеткізген болатын.

Қазақстан
Петропавл

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады