Өскеменде ұрылар 94 млн теңгені жымқырып, қайықпен қашып кетті

Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі
ШҚО-дағы кеңселердің бірінен 94 млн теңге ақша ұрланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ШҚО ПД-не 2024 жылдың 5 сәуірінде ұрлық фактісі бойынша арыз түскен.

"Жәбірленушілер белгісіз біреулер сейфті бұзып, 94 миллион теңгені жымқырғанын хабарлады. Қасқөйлер қылмыс орнынан кету жолын алдын ала дайындаған, олар өзенге жеткен соң үрлемелі қайықпен қаланың басқа аймағына жүзіп өткен. Осылайша олар "іздерін жасырғылары" келген, бірақ олардың ойлары іске аспады." ШҚО ПД баспасөз қызметі

Сурет: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Бірнеше күннен кейін полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 45 және 38 жастағы екі күдіктіні ұстаған.

"Олар соттың санкциясымен қамауға алынды. Олардың тұрғылықты жерінен заттай айғақтар – қайық пен ұрланған қаражат тәркіленді.",-делінген ведомства ақпаратында.

Қосымша тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Қазақстанның оңтүстігінде оқушыны аяусыз соққыға жыққан

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды