Қазақстанда энергиямен жабдықтаудағы жасанды тізбектерді жоюға кірісті

Өнімсіз делдалдар электрмен жабдықтау тізбегінен шығарылады. Бұл туралы 2024 жылғы 22 сәуірде Қазақстан Үкіметі басшысының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz

Ақпаратқа сүйенсек, Үкімет энергиямен жабдықтау нарығында тәртіп орнатуға кірісті.

Басты мақсат – тұтынушылар үшін электр энергиясының түпкілікті құнын негізсіз көтеретін делдалдарды алып тастау.

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша биылғы 1 сәуірден бастап нарықта 2004 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан және бизнес пен бірқатар бюджеттік ұйымдар үшін тарифтердің мөлшерін дербес белгілей алатын реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың жұмысы тоқтатылды.

"Бұл ретте талдау көрсеткендей, мұндай компаниялардың табыстылығы 1 кВтсағ үшін шамамен 30-50% немесе 5-20 теңгені құраған. Реттелмейтін ЭЖҰ-дан түскен пайда энергетикалық жүйені жаңғыртуға пайдаланылмады.",- делінген хабарламада.

ҚР Парламенті Мәжілісінің бірінші оқылымында мақұлданған "Жылу энергетикасы туралы" жаңа заң аясында өнімсіз делдалдарды жою жұмыстары жалғасатын болады. Электрмен жабдықтау нарығындағы қазіргі проблемаларды шешу үшін ҚР Үкіметі бірінші кезеңде реттелмейтін ЭЖҰ қызметін шектеу туралы шешім қабылдады.

"Екінші кезеңде электрмен жабдықтау саласын өңірлік электр желілері компанияларына беру қарастырылады.",- деп толықтырды.

Бұл электр энергиясының тарифіне жағымды әсер етеді, сонымен қатар келесідей оң әсерлерге әкеледі:

Сонымен қатар, осындай жұмыстар өнімсіз делдалдар кесірінен бағаның негізсіз көтерілуі байқалатын өзге де салаларда жүргізілетін болады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: